Қаратау ауданындағы тазалық жұмыстары тексерілді

Бүгін Қаратау ауданы әкімі А. Әлімқұлов Нұрсәт тұрғын алабындағы көп қабатты үйлер аумағын кезекті рет аралап, орналасқан қоқыс алаңшаларының жағдайына қатысты мердігер  мекемеге ескерту жасады.

Алматы, NEGE. Аудан басшысы тез арада аталған қоқыс контейнерлерін жаңартуды және мүмкіндікке қарай қоқыс алаңшасын қоршау, дезинфекциялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, Абзал Шымкентбайұлы көп қабатты үйлер аумағындағы шағын кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттерді ретке келтіріп, атқарылған жұмыстарды аудандық кәсіпкерлік бөліміне баяндауды тапсырды.

Еске сала кетейік, аудан әкімі А.Әліқұлов қала әкімі тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да жоспарға сәйкес ауданның өзекті мәселелерін ретке келтіру жұмыстарын қадағалау мақсатында, барлық елдімекендерге аралау жұмыстарын жүргізетін болады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін