Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов «Нұрсәт» шағынауданындағы №109-117 көпқабатты үйлер аулаларының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Шымкент, NEGE.  Аталған ауланың жер теліміне қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізілуде: суғару құбырлары орнатылып, жасыл желектерді суғару мақсатында арнайы тік ұңғыма қазылуда.

Сондай-ақ, көгал алаң жасау жұмыстары атқарылуда. Аталған үйлердің ауласын аралау барысында аудан басшысы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемеге аулаларға күз маусымына қарай ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Қазір оқып жатыр

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты