Қаратау ауданында 12062 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылды

Шымкент қаласының аудан аумақтарында мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Қаратау ауданы әкімі аппаратында бұл мақсатта 12 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 80 адам тартылған.

Жыл басынан бері Қаратау ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 14 427 отбасы өтініш білдірген. Нәтижесінде 12 062 отбасы мұқтаж деп танылды. 2 365 отбасыға түрлі көрсеткіштегі себептермен мұқтаж еместігі жөніндегі қорытынды берілген.

Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті Заңнамаға сәйкес отбасының табысы кедейлік шегінен аспайтын (2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша – 23 679 тг) отбасылар бере алады. Берілген өтініштер аудан әкімдігі жанынан құрылған учаскелік комиссияға жолданады. Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижесінде оң қорытынды алған отбасыларға ғана МӘК тағайындалады және төлем жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шыментте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды