Қараталдың су ортасында қалған тұрғындарына үш тікұшақ жіберілді

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы Қаратал (Берсиев) ауылына бірден 3 тікұшақ жіберілді. Жарығы, жылуы, суы жоқ мектепте 350-ден астам адам бар, деп жазды kazinform.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Ауылға азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек пен көрпе-төсек сияқты гуманитарлық көмек тиелген тікұшақтар шықты.

- Шұғыл көмек көрсету және эвакуациялау үшін мамандар бара жатыр. Атап айтқанда, Ми-8 тікұшақтарының бортында Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының ұшқыштары, медицина қызметкерлері, психологтардан құралған құтқарушылар тобы бар,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мұндағы мектепті 356 адам паналаған. Оның 94-і балалар.

Еске салсақ, ауыл тұрғындары бүгін өздерінің ас-сусыз салқын әрі қараңғы мектеп ішінде қалғанын айтып, көмек сұраған.

Жергілікті әкімдік өкілі екі рет тікұшақпен барып, қона алмай кеткенін хабарлаған. Бұл ауыл түгел су ортасында тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?