Карантиннен кейін қандай субъектілер жұмысқа кіріседі?

Кәсіпкерлік субъектілері тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан жағдайда ғана жұмысын бастай алады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«Әрбір нысанды ашылар алдында әкімдік қызметкері, қоғам өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілі, кәсіподақ ұйымдары тексереді. Тек барлық талаптар орындалған жағдайда ғана тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан соң нысандарға жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Онсыз нысандар жұмысын бастай алмайды», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуныша, ашылған әрбір нысанды мобильді топтар тексеріп отырады. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда бизнес субъекттеріне жабуға дейінгі шаралар қабылданады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін