Карантиннен қашқан науқас жазаланды

Атырауда аурухана пациенті карантин шарттарын бұзғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Хабарламаға қарағанда, Литвадан келген Қазақстан азаматы Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде карантинде болған. 18 наурызда түнде карантин режимі талаптарын бұзып, ол екінші қабаттың терезесінен секіріп, мекемеден қашып кеткен.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

«Қазіргі уақытта құқық бұзған С. Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде стационарлық жағдайда дәрігерлердің бақылауында», – деп жазылған сот хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды