Карантинге қарсы шерулер толастамай тұр
Испанияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны артып жатыр.
Алматы, NEGE. Испанияда карантинге қарсы шерулер толастамай тұр 18:44, 08.11.2020 0 UPD: 19:07, 08.11.2020 Әлемде коронавирус жұқтырғандар қатары артып жатыр. Қазіргі дерек бойынша шамамен 50 миллион адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Ал 1 миллион 250 мыңнан астам адам көз жұмған. Індеттің таралуы бұрынғыша АҚШ, Үндістан және Бразилияда жоғары. Еуропада да вирустың таралуы қарқыны қатты. Осыған байланысты қарт құрлық елдері шектеу шараларын күшейтіп, локдаун енгізіп жатыр. Соның бірі Польша. Елде індеттің өршуіне байланысты мейрамханалар мен мәдени мекемелер жұмысын тоқтатқан. Жаңа тәртіп алдағы 3 апта бойы жалғасады. Бірақ алдағы бір аптада нәтиже шықпаса, елде ұлттық карантин жариялануы мүмкін. Себебі түнеугүні ғана елде тәуліктік тіркеліп, қвирус жұқтырғандар саны 500 мыңнан асып кетті.