Қайтадан карантин болса 42 500 теңгенің мөлшері өсуі мүмкін
Карантин кезеңінде жұмыссыз жатқандар үшін жұмысынан айрылған кезеңіне төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
- Осыған байланысты біз жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек. Инфрақұрылымдық жобалардың есебінен жұмыс орындарын сақтау және жаңасын құру, жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастырып, "Еңбек" бағдарламасы бойынша субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтелуі немесе субсидиялануы мүмкін. Карантин кезеңіндегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылған кезеңге төленетін төлем мқлшерін көбейту бойынша ұсыныстарды жоспарға енгізу жайы қарастырылып жатыр, - деді Нұрымбетов.
Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті.