Карантинге бағынбаған 270 адам жазаланды

Жамбыл облысында карантиндік тәртіпті бұзғаны үшін 270 адам жазаланды. Олар 33 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.

Алматы, NEGE. Қомақты айыппұл той тойлайтындарға тосқауыл болмай тұр. Мейрамхана қожайындары карантиндік шектеулерге шекеден қарайтын болған. Есікті құлыптап қойып, дүркіретіп той жасауды жалғастырып жатыр. Полицейлер рейд кезінде 500 адам келген тойдың үстінен түсті. Қазір аймақта 50 мониторингтік топ құрылып, бақылау жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Өңірде соңғы 4 айда 4700-ден астам түрлі ойын-сауық орталықтары, дәмхана, тойхана сияқты нысандар тексерілген.

Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов: "Барлық материалдар облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Жүздеген адамға 83340 теңгеден айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал шағын және орта, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік нысандарына 638 мыңнан 4,5 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Той бәрібір жасалып жатыр" деді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті