Карантинді алып тастау мерзімі кейінге шегерілді

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон карантинді толық алып тастау мерзімін тағы бір айға кейінге шегерді.

Алматы, NEGE. Ұлыбританияда карантинді жеңілдету мәселесі 19 шілдеге қалдырылды.

"Менің ойымша, тағы біраз күткен дұрыс", - деді премьер-министр.

Айта кетейік, елде шектеулерді толық алып тастаудың соңғы кезеңі 21 маусымға жоспарланған еді. Алайда үкімет бұл шешімін коронавирутың үндістандық аса жұқпалы штамының таралуына байланысты кейінге шегерді.

Үндістандық B. 1.617.2 коронавирус штамы ұлыбрианиялық штамға қарағанда жұқпалы саналады. Англияның кейбір аудандарында тіркелген жаңа жағдайлардың көпшілігі үнді штамымен байланысты.

"Біз жағдайды күн сайын қадағалап отырамыз, егер инфекция жұқтырғандар саны және жаңа штамдардың таралу қаупі азаятын болса, онда шектеулерді екі апта бұрын, 5 шілдеде алып тастай аламыз", - деді премьер-министр.

Қазіргі шектеулер бойынша елде үйде жаппай іс-шара өткізуге рұқсат етілмейді, түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынған, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау міндеттелген.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады