Карантиндегі той

Күшейтілген карантин режиміне қарамастан Павлодар мен Оралда той ұйымдастырғандар анықталды.

Алматы, NEGE. Оралда мониторингтік топ облыс орталығында карантин режиміне қарамастан той өткізгендерді анықтады.

«Зачаган кентіндегі дәмханада той өткен. Біз онда 100-ден аса қонақты көрдік. Кафе қызметкерлерінен түсіндірме алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кафенің иесі тойды ұйымдастырушылардан алдын ала ақша алғаны анықталды. Бірақ оны қайтара алмаған. Адамдар мекеменің қожайынын сотқа бермекші болған. Кейін ол банкет ұйымдастыруды ұсыныпты», –дейді Орал әкімдігінің бөлім меңгерушісі Аслан Жармұханов.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор