Карантинде табиғат аясында демалуға бола ма?

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин уақытында табиғатта немесе қала шетінде демалуға рұқсат барын, алайда адамдар көп жиналмау керектігін мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Нақты қай жерде демалғыңыз келетінін айқындап алу керек. Әкімдіктер шектеу қойып тастаған аумақтар бар. Бұл негізінен адамдар көп жиналатын орындар – қаладағы жағажайлар, бақтар. Әлбетте баруға болмайтын осындай орында демалсаңыз – ол заң бұзушылық болып есептеледі. Жалпы табиғатқа шығуға болады. Алайда адамдар көптеп жиналмау керек. Егер бірнеше отбасы бірігіп, демалғысы келсе – онда ол карантин тәртібін бұзған болып есептеледі. Ал бір отбасы оп-оңай қала сыртында демала алады. Алайда бұл ретте барлық ереже сақталуы тиіс», – деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған