Карантинде ойынхана жұмысын тоқтатпаған

Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған ойынхана анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 30 шілдеде Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтамай, түнгі 23.00 шамасында «THE GAME» ойынханасы жұмыс істеген.

Бұл нысан Шымкент қаласы 18-мөлтекаудан Т.Рысқұлов көшесі бойында орналасқан.

Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 адамның болғаны анықталып, ойынхана иесіне заңды шара қолдану үшін Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына және ойынхананың заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне іс-құжаттар жолданды. 

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді