Карантинде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген

Павлодар орталығында карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары 9 тамызда арнайы рейд барысында эротикалық массаж салоны жұмыс істегенін анықтаған. Оқиға болған жерде мекеме әкімшісі мен салонда массаж жасайтын төрт қыз ұсталған.

«Қыздар 20-22 жас аралығында, олардың барлығы - Павлодар облысының тумалары. Қыздар коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан клиенттерді қабылдап, пайда табуды көздеген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы және 463-бабы бойынша күдіктілерді жауапқа тарту үшін іс облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», – деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?