Карантин талаптарын орындамағандарға айыппұл салынады

Елордада автобустар тоқтап, халық көп жиналатын қоғамдық орындар түгел жабылды. Жергілікті билік тұрғындарға бос уақытын үйде өткізуге кеңес беріп отыр.

Алматы, NEGE. Десе де, қатаң карантиннің алғашқы күні болғандықтан көпшілік талап-ережеге селқостық танытып жатыр. Көшеде көлік нөпірі көп. Жаяу жүргіншілердің де қарасы қалың. Арасында бетпердесіз жүргендері де бар. Карантиндік шектеулердің әлі екі аптаға ұласатынын ескеру керек. Егер халық салғырттық таныта берсе, тағы созылуы мүмкін. Сондай-ақ, санитарлық талапты сақтамағандар заң бойынша жауапқа тартылады. Қазір қала көшелерінде тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ережеге бағынбаған жеке тұлғаларға 83 мыңдай, заңды тұлғаларға 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды