Карантин талабын сақтамаған кәсіпорындар жұмысын тоқтатты

Арнайы мониторинг тобы өз еркімен жұмысын бастаған бизнес субьектілерін анықтап, қызметін тоқтатты.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы бойынша мониторинг тобының құрамында жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық кеңестердің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, жергілікті полиция қызметі бар. Олар облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен бірге күн сайын тексеру өткізеді.

«Мобильдік топ 916 нысандағы жұмысты тексерді. Олардың қатарында шағын сауда орындары, дәріхана, ателье, автосервис, монша, сауна, сұлулық салоны, қонақүй бар. Тексеру кезінде 79 объектіде кемшілік анықталды. Оларда дезинфекциялық кілемше, дене қызуын өлшеу құралы болмады. Арақашықтық сақталмаған. Сондай-ақ қызметкерлер, келушілер маскалық режимді орындамады. Қайта қадағалау кезінде кәсіпкерлік субъектілерде тіркелген кемшіліктің жойылғаны белгілі болды. Ал қызметін негізсіз және өз еркімен қайта жандандырған 7 кәсіпкерлік нысан өз қызметін тоқтатты. Оның ішінде фитнес клубы, Орталық базары, автобөлшектер сататын екі базар, сауда үйлері бар. Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Мамандар коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында барлық талаптарды сақтауға шақырады. Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық төмендеп, тұрақтанған жағдайда адам көп жиналатын объектілер, оның ішінде базарлар, мектепке дейінгі мекемелер қызметі қалпына келтіріледі.

Қазір оқып жатыр

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті