Карантин шектеулері наурызда жеңілдетілуі мүмкін

Карантиндік шектеулер одан әрі жеңілдетіле бастауы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Австрияның канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, министрлер кабинеті мәселені наурыздың 1-інде қарастырмақ. Бірақ билік тыйымдар тек Пасха мерекесінен ерте алынбайтынын айтады. Айта кетейік, Австрияда өткен аптада адамдардың жүріп-тұруына салынған бірқатар шектеу жеңілдетіліп, коменданттық сағат уақыты қысқартылды. Осымен бірге мектептер ашылып, дүкендер жұмыс істей бастады.

Австрия канцлері Себастьян Курц: "Біз елде мектептер мен дүкендер ашылғанымен індеттің таралуын бақылауда ұстай аламыз деп ойлаймын. Бірақ кей шектеулер сақталады. Оларды жеңілдетуді 2 аптадан кейін қарастыратын боламыз", – деді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды