Карантин шаралары күшейтілді
Бүгіннен бастап Лондонда шектеудің екінші деңгейі енгізілді. Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады.
Алматы, NEGE. Ал көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Билік қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға кеңес береді. Және қажеттілік болмаса алыс сапарға аттанудан бас тартуға шақырды. Айта кетейік, Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырғандар саны 640 мыңнан асқан.