Карантин шаралары әлсірей ме?
Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин талаптарын әлсірету мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Алматы, NEGE. Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшин Алматыда карантин шараларының күшейтілуі не әлсіреуі туралы айтты. "Локдаун соңына дейін әлсіретуді жоспарлап отырған жоқпыз. Локдаун нәтижесі бойынша алда не істейтіміз белгілі болады", - деді Бекшин. Бұған дейін, Бекшин алматылықтар көбіне қай жерде коронавирус жұқтыратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Алматыда пандемия кезінде қандай мамандар жетіспейітіні белгілі болған.