Карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін бе?

Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін бе? Қазақстанның барша азаматын толғандырған бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Алматы, NEGE. «Карантинді ұзартуға қатысты айтар болсам, бастапқыда ұсыныс енгізгенде азаматтардың тілектері ескерілді. Режимнің бизнес қоғамдастықтарға да барынша бейімді болуы көзделді. Дегенмен, осынау вирусқа шалдығудың күрт өршіп кетуін еңсеруге септігін тигізетін шектеу шаралары да қарастырылды», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына.

Сонымен қатар ол кез келген бағалау инкубациялық кезеңмен, яғни 14 күнмен байланысты болуы керектігін атап өтті.

«Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді қарап отырмыз. Дегенмен, шынайы тиімділігін екінші аптаға қарай не болмаса біз бағалау жүргізгеннен соң бірден көретін боламыз. Карантин аяқталғаннан кейін оның ұзартылатыны немесе шаралардың қатаңдатылатыны түсінікті болады», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді