Карантин кезінде той жасағандар қылмыстық жауапқа тартылады
Карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік тіпті қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл туралы еліміздің Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Бұл жолғы талаптар көктемдегіден өзгеше. Яғни ел экономикасын зор шығынға батырмау үшін адамдардың қозғалысына тыйым салынған жоқ. Десе де, азаматтар мен кәсіпорындар және мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері белгіленді. Құжатты денсаулық сақтау министрлігі бекітіп, әділет министрлігінде тіркелді. Марат Бекетаевтың айтуынша, карантин кезінде адамдарды жинап, отбасылық мереке өткізгендерге 83 мың теңге айыппұл салынады. Егер сол жиынға қатысқандардың арасында вирус таралса, айыппұл көлемі бірнеше есе көбейеді. Ал егер адам қайтыс болса, жиын иесі қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. С
ондай-ақ карантин кезінде жұмысшыларды мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберу және жабық нысандарға масқасыз кіру заңға қайшы әрекет деп саналады. Жүгіруге болады және серуендеуге болады. Егер сіз далаға маскасыз шықсаңыз, ешқандай жауапкершілігі болмайды. Ал егер маскасыз дүкенге немесе дәріханаға кірсеңіз, жауапкершілігі болады. Өйткені ол жабық.