Карантин кезінде әскер қатарына сұранғандар жалақысын ала алмай жүр

Төтенше жағдай кезінде елордадағы карантиндік талаптың орындалуын қамтамасыз етуге сұранған бір топ жігіт жарым айдан бері жалақысын ала алмай жүр.

Алматы, NEGE. Әскер қатарына шақырылған азаматтар қатарында табыс көзінен қағылғандар да бар. Елімізде төтенше жағдай тәртібі жарияланған кезде, бас шаһардан шығу жолдарына блокбекеттер қойылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіле бастағанда бұл жігіттер қарап қалмады. Бірін шен қызықтырды, енді бірі үйде оқшауланып отыруды құп көрмеді. Әйтеуір карантин режимін қамтамасыз етуге өз еркімен сұранды. Бірақ  23 сәуір мен 11 мамыр аралығында қаланы дезинфекциялау жұмыстарына атсалысқа кейбірі ақшаларын алмаған екен. 

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді