Карантин кетті. Мектептер дәстүрлі оқуға ауысатын болды

Өзбекстандағы барлық мектеп үшінші тоқсаннан бастап толық дәстүрлі оқуға ауысады, деп хабарлайды Өзбекстанның Халық білімі министрлігі.

Алматы, NEGE. 2020-2021 оқу жылының алғашқы екі тоқсанында коронавирус індетіне байланысты мектептегі білім беру ата-аналардың таңдауы бойынша гибрид оқу нұсқасында өткізілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты, 11 қаңтардан бастап білім берудің дәстүрлі форматына жаңғырту жөнінде шешім қабылданған.

Министрліктің мәліметінше, қашықтан оқу кезінде тақырыптар толық қамтылмаған, өйткені кейбір оқушылар телесабақтарды қарамаған.

«Біз ата-аналардан балаларының толыққанды білім алуы үшін барлық жағдайды жасауын және оларды мектепке жіберуін сұраймыз», делінген хабарламада.

Ведомство Қарақалпақстан Министрлер кеңесі, Ташкент қаласы мен облыстардың әкімшіліктеріне барлық мектептердегі жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ оқушылардың денсаулығын сақтау жөнінідегі шараларды ұйымдастыру тапсырылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?