Қарақшылық шабуыл жасаған ер адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыстың нәтижесінде мейрамханаиесіне 46 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. 2024 жылдың мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Қазір оқып жатыр

«Кінәмді ішінара мойындаймын»: блогер Эльмира Төлегенова сотта көз жасына ерік берді

«146 млрд теңге кем түсті»: теңгенің нығаюы бюджетке кері әсер еткен

«Өзін полицей ретінде көрсетеді»: алаяқтар жұртты ЖИ көмегімен алдауға кіріскен

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханын шексіз тапсыруға мүмкіндік берілмек