Қарақшы ломбардтан неше теңге ұрлаған?

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы үш жылдан кейін Жамбыл облысынан ұсталды.

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қарақшылық жасағаны үшін 2018 жылдан бері Қарағанды қаласында іздеуде жүрген 49 жастағы қылмыскерді ұстады. «Ұсталған азамат 2017 жылдың шілдесінде Теміртау қаласының ломбардына қарақшылық шабуыл жасаған. Жеңіл табыстың соңына түскен қарақшы 21 миллион теңгені қолды қылған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Қарағанды облысына жіберілетін болады», - дейді Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Мәдімаров өз сөзінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған