Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті

Бүгін Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабында жұмыс жүргізіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты.

         Алматы, NEGE. Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назарсыз қалмады. Бұдан, бөлек Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт насихат-жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

"Жалпы, республика бойынша үміткердің 20 сайлауалды штабы бар, 2000-ға жуық ерікті жұмылдырылды. Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде", – дейді республикалық штаб басшысы Арман Оразқұлов.

Алдағы уақытта Қарақат Әбден Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді