Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден еxit poll қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады.
Алматы, NEGE. "Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік", - деді Қарақат Әбден.