Қарақат Әбден «Ауыл» партиясына өтті

Қоғам қайраткеті, былтыр президенттікке кандидат болған Қарақат Әбден «Ауыл» партиясының мүшесі атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Қарақат Әбден біздің қатарымызға қосылды. Байқасаңыздар, президент сайлауында Қарақат Әбденнің тұжырымдамасы халықтық дәстүрлермен, ауылдық бағыттағы дәстүрлермен байланысты болды. Сондықтан оның дәстүрлері бар, дәстүрді, мәдениетті, адами капиталды, шығармашылықты дамыту – біз ұстанған негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан Қарақатты қатарымызға қуана қабылдадық. Толық партиялық тізімді ұсыну және қабылдауды бүгінгі съезд шешеді»,- деді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев съезд алдында БАҚ өкілдерінің сауалына.

Айта кетсек, елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XXII съезі өтіп жатыр.