21 июля 2022 г. 10:52

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Фото:

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан аумағындағы төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Алматы, NEGE. "Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында "Төтенше жағдай туралы" Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"Осы жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануы тиіс", - делінген президент сайтында.

Тегтер: