Қарақалпақстанда коменданттық сағат қысқартылды

Қарақалпақстандағы жағдайдың тұрақтануына байланысты Өзбекстан президенті республикадағы төтенше жағдай режимін жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Шавкат Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

"Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайдың тұрақтануына байланысты Өзбекстан Президенті Қарақалпақстан территориясында енгізілген төтенше жағдайды жеңілдетіп, комендаттық сағатты 23-тен таңғы 7-ге дейін деп өзгертті” – делінген ақпаратта.

Өзбекстан басшысы тиісті жарлыққа қол қойып, жарлық мәжіліс палаталарының бекітуіне жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті