Қарағанды-Қарқаралы тасжолында екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тасжолында Lada Vesta және Mercedes Benz автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында көз жұмды. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата дауыс берді

Астанада танымал волонтер жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

Референдумда билік өкілдерінен кімдер дауыс беріп үлгерді?