15 июня 2023 г. 13:49
Қарағандыдан 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік азамат Астанада ұсталды
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданды, - деп хабарлады Полиция.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.
Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркелді. 13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.