Қарағандыдағы көпқабатты үйден 33 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар Қарағандыда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден 33 адамды эвакуациялады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт Анжерская көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.

Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер қатты түтінге толып, жалынның жоғарғы қабаттарға тарау қаупі болған.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында түтін басқан подъезден 8 адам, соның ішінде екі бала құтқарылды, сондай-ақ 25 адам (оның ішінде 7 бала) эвакуацияланды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты