Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қарағандыда 27 наурызда таңертең пышақ жарақаттарын алған 27 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды.

Алматы, NEGE.  27 жастағы Анастасия Шевякова 5 наурызда жоғалып кетіп, одан бері хат-хабар болмаған. 

Аталған фактіға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні анықтап ұстады. Күдікті 5 наурыз күні жанжал кезінде әйелге пышақпен дене жарақатын салып, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті көміп кеткенін мойындады.

Күдікті уақытша ұстау абақтысында.