Қарағандыда жарылыс болған көпқабатты пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды.

Алматы, NEGE. Жарылыс болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды. 
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт сағат 22:37-де сөндірілді.