Қарағандыда үйді жарамын деп қорқытқан тұрғын ұсталды

9 сәуір күні кешкі сағат 18.58 шамасында полицияға қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Оқиға орынына келген патрульдік полиция жасағы жіберілді. Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллоның жарамын деп қорқытқан.

Полиция қызметкерлері және Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көп қабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оқиға орынын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.

Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталуда.