Қарағандыда індет жұқтырған 90 адам анықталды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам тіркелді. Өсім 19,1 пайыз, деп хабарланды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасын

да.

Алматы, NEGE.  23 мамырдағы мәлімет бойынша, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесіне сәйкес 90 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлардың 24-і скрининг нәтижесінде және 66-сы вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру кезінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша облыста коронавирус жұқтырған 562 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 190 науқас жазылып шыққан.

 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды