Қарағандыда ер адам сауда орталығына келушілердің бірін эскалатордан итеріп жіберген
Ер адам бейтаныс адамның артынан жүгіріп барып, оны эскалатордан итеріп жіберген.
Алматы, NEGE. 25 жастағы Қарағанды қаласы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелгенін Полиция хабарлады.
Полиция қызметкерлері бұрын психияторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады.
Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды.