Қарағандыда экстремал әйел 30 метр биіктен секіріп, қаза тапты

Қарағандыда экстремалды ойынның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Алматы, NEGE. Роуп-джампинг, яғни 30 метр биіктен секірмек болған 33 жастағы әйел жердегі бетон тасқа соғылып, ауыр бас-ми жарақаттарын алды. Дереу ауруханаға жеткізіліп, операция жасалғанымен аман алып қалу мүмкін болмады дейді денсаулық сақтау басқармасы. Ал джампингті ұйымдастырушы «FLY» командасына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды полиция департаментінің  өкілі. Жалпы аталған ұйым соңғы жылдары өздерін әлеуметтік желіде белсенді жарнамалап, биіктен бір мәрте секіру құнын 5-6 мың теңгеге бағалап келген. Оған қызығушылық танытқандардың қатары көбейіп келеді. Мұндай экстремалды ойын қазір елдің түкпір-түкпірінде белең алғанын атап өткен жөн. Ал қауіпсіздігін тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады