1 августа 2023 г. 17:52

Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы қызметінен босатылды

Фото:

Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Алматы, NEGE. «Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді», - деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Тегтер: