Қарағандыда ақылы автотұрақтың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда ақылы автотұрақтың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қарағанды қалалық полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша, жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстайтыны белгілі болды.

Оның айтуынша тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орынынан біршама уақытқа шығып кеткенде, белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды.

Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты ҚР ҚК-нің  188-бабы (Ұрлық) бойынша сәйкес іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді