Қарағандыда 3 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Қарағанды қаласында пышақ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді