Қарағандыда 16 қабатты үйде жарылыс болды

Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер ооқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатты.

Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Кіреберісті қою түтін басқан.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізді.