Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 9 шілде күні сағат 13.45 шамасында Қарағанды облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағанды қаласында орналасқан “ЦУМ” сауда үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған. Оқиға орнына бірден барлық жедел қызмет жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері сауда үйінен 230 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады