Қарағандыда үш бала лифт ішінде қамалып қалған

Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тоқтап қалған лифт ішінде үш бала қалып қойған. Балаларға құтқарушылар көмекке келді.

freepik.com

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 112 қызметіне қаладағы Гүлдер шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде 2011 және 2012 жылы туған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.

«Шақырту орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, іште қалған 3 баланы сыртқа шығарды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ өкілдері кез келген төтенше жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болған жағдайда, 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді