Қарағандыда тауға шыққан әйел жартастан құлап, қаза болды

ТЖМ құтқарушылары күшімен таулы аймақтан 54 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлады baq.kz.

baq.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында 1970 жылы туған әйел құтқарылды. Ол таулы аймақтан өз бетінше түсе алмай, 112 қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, альпинистік жабдықты пайдалана отырып таудан түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Оның жанында өзі құралпы тағы бір әйел болған. Ол Бектау ата шатқалынан өзім түсем деп жартастан құлап, көз жұмды.

Құтқарушылар марқұмның денесін тапты.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?