Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің мәйіті табылды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Михайловкадағы қызметтік бөлмеге кірген аға учаскелік инспектор ол жерден полиция майорының ес-түссіз жатқанын және жанында жалаңаш күйдегі қыздың мәйітін анықтаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, аталған қызметкер шынымен ауруханаға жатқызылған. 

Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ қызметтік тергеу тағайындалды

Облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов іс өзінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды