Қарағандыда пәтерлердің бірінен 18 және 15 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды

5 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен екі тұрғынның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты облыстық полияция департаменті растады.

gov.kz

Астана, NEGE. Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, марқұмдардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«18 және 15 жастағы екі тұрғынының мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Істің барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.

Тексеру нәтижелері мен тергеу амалдарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.