Қарағандыда өрт кезінде 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы «Восток» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖД

Алматы, NEGE. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, пәтер ішіндегі жиһаздың жанғанын анықтады. Түтінге толған үйден барлығы 15 адам, соның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарылды. Бұдан бөлек, тағы екі тұрғын арнайы құтқару қалпағының көмегімен эвакуацияланды.

– Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау шағын аумақта оқшауланып, толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.

Өрт шыққан пәтер иесі құтқарушыларға кәсібилігі мен жедел қимылы үшін алғыс білдірді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды