Қарағандыда мысығын құтқармақ болған бала балконнан құлап кете жаздады

Қарағандыда 10 жастағы мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап кете жаздады. 

Қарағанды облыстық ТЖД

Астана, NEGE. Баланың балконда тұрғанын көрген көршісі дереу құтқарушыларды шақырған.

Сөйтсе, мектеп оқушысы мысығын өзі құтқармақ болған. Алайда құлап, балконның ернеуінен ұстап қалған. 

Құтқарушылардың айтуынша, мысық балконнан бір қабат жоғарыда болған. Олар баланы жерге қауіпсіз түрде түсіріп алды. Медициналық көмек қажет болмаған, тек бала қатты қорқып қалғанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр